ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сауда рәсімдердің жеңідету мәселелерін талқылау бойынша семинар болып өтті, - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері және Халықаралық ұйымдардың, оның ішінде БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясының, Дүниежүзілік банкінің, USAID және GIZ сарапшылары қатысты.
Семинарда Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша ұлттық комитетін құру мәселелері, сондай-ақ сауда ахуалын жақсарту бойынша болжамды шаралар талқыланды.
Қазақстан 2015 жылғы 12 қазандағы ДСҰ Сауда рәсімдерді жеңілдету бойынша келісімін ратификациялады. Келісімде қарастырылған шаралар кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және біріздендіруге, тауарларды шекара арқылы тасымалдауды жеделтетуге, сондай-ақ сауданың және шаруашылық операциялардың ашықтығын және болжамдылығын арттыруға бағытталған.
Келісім сауданы оңайлату үшін мынадай негізгі элементтерді: транспаренттілік, айқындылық пен ашықтық, қағидалардың қолданылуының тұрақтылығы, СЭҚ қатысушылардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау, кедендік формалдылықтардың жеделдету, құжаттарға қойылатын талаптарды қысқарту, жеңілдетілген транзиттеу рәсімдері, кедендік ынтымақтастықты көздейді.
Қазақстанның транзиттік әлеуетін және теңізге шығудың жоқтығын ескере отырып, Келісімді іске асырудың біздің еліміз үшін маңызы үлкен болады.