- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰЭМ-де мемлекеттік наградаларды...
ҰЭМ-де мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты өтті
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қңында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ведомство мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, оның ішінде «Парасат» және «Кұрмет», «Ерең еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «ҚР Тәуелсіздігіне - 25 жыл» медальдарын, сондай-ақ, Құрмет грамоталарын тапсырды, - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Тәуелсіздік күні – ең басты мереке. 25 жылда егеменді еліміз күрделі 90-жылдарды еңсерді, құрылымдық реформалар жасап, табысқа қол жеткізді. Бұл ауқымды табыс - Мемлекет басшысы жүргізіп отырған тиімді экономикалық саясаттың нәтижесі. Біздің Президенттің басты тезистерінің бірі - бірінші орында әрдайым экономика, яғни біздің еліміз бен біздің азаматтардың әлеуеті болуы тиіс", - деді министр өзінің құттықтау сөзінде.
Еске салсақ, республика Тәуелсіздігінің қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен бір топ азамат елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталған болатын. Бұлардың қатарында саясат, мемлекет және қоғам қайраткерлері, бизнес, ғылым мен өнер, денсаулық сақтау мен білім беру, әлеуметтік сала мен спорт өкілдері, өнеркәсіп, әскери және құқық қорғау қызметкерлері бар.
T. Кіршібаев