Ақтөбеде учаскелік инспектор "мәселені шешу үшін" миллион теңге сұраған. Жақында оған қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Айыпталушы тарапта - қалалық полиция бөлімінің 23 жастағы учаскелік инспекторы. Қылмыстық іс материалдары бойынша оның танысы алаяқтық ісі бойынша жауап алу үшін бөлімге жеткізілген.
"Учаскелік полиция қызметкері ұсталған адамның қылмысқа қатысы жоқ екенін түсінген, бірақ оған бұл туралы айтпаған. Ол оң процессуалдық шешім қабылдайтынын айтып, танысынан 1 миллион теңге талап еткен. Келіссөздер барысында полицей бұл соманы 500 мың теңгеге дейін түсірген, бірақ оның 300 мыңын үш күннен кейін беруге келіскен", - деп жазады басылым.
Танысы келіскендей кейіп танытып, өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығына телефон соғады. Жемқорлыққа қарсы күрескерлер полицейді қажетті соманың бір бөлігін алған сәтте ұстады.
Полицей алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ата-анасының қолында ақша бар екенін айтып, бас бостандығынан айыруға қатысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Сот учаскелік полиция қызметкерін алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 2,2 миллион теңге айыппұл салып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды. Сондай-ақ ол сот үкімі бойынша аға лейтенант шенінен айырылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!