Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу барлық санитарлық талаптар сақталады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.
- ҰБТ барлық санитарлық нормаларға сай өткізіледі. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизормен, дезинфекциялық тоннельмен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшемен, медициналық бекетпен, санитайзермен және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі, - деп хабарланды министрліктің Facebook парақшасында.
Айта кетейік, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ертең, 21 маусым күні басталады. Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам болады. Аудитория тек 35%-ға дейін толтырылады. Тұтас ҰБТ барысын онлайн бақылауға болады.