- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҰБТ: қанша түлек...
ҰБТ: қанша түлек 130 балдан жоғары жинағаны белгілі болды
Фото:
instagram.com/testcenterkz
ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенованың айтуынша, соңғы үш жылдың ішінде алғаш рет 140 балл жинаған талапкер шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 орта мектебінің түлегі Жаннұр Еңсебек. 139 балды екі тестіленуші: Шығыс Қазақстан облысының түлегі Аяужан Мұратова мен Қызылорда облысының түлегі Нұрболат Жұбатқан жинады.
"Аталған үш талапкер ауыл мектептерінің түлегі болып табылады. 716 оқуға түсуші 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді", - деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан