ҰБТ-дан жоғары балл жинап, оқуға түсе алмағандарға грант бөлінді

ҰБТ-дан жоғары балл жинап, оқуға түсе алмағандарға грант бөлінді
Фото: Freepik

Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.

Ведомство барлық грант иегері жоғары оқу орындарына өздері баруы керек екенін ескертті.

Қосымша грант иеленген талапкерлердің тізімін мына жерден көруге болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан