- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "ҰБТ-дан 130 балл...
"ҰБТ-дан 130 балл алып беремін": Қызылордада тұрғынды алдап соққан алаяқ ұсталды
Қызылордада ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп тұрғынды алдап соққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөліміне 25 жастағы облыс тұрғыны арызданған.
Тұрғынның айтуынша, биыл мамырда күдікті жәбірленушіге ҰБТ-дан 130 балл алып беремін деп сеніміне кіріп алдап, екі миллион теңге қаражатын иемденген.
"Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
47 жастағы күдікті азаматшаға жалған ақпарат беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова