ҰБТ - 2026: шекті балдар жарияланды

ҰБТ - 2026: шекті балдар жарияланды
Фото: testcenter.kz

Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы талапкерлерге арнап шекті балдарды жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰБТ форматы - бұрынғыдай 5 пән (3 міндетті және 2 бейінді). ҰТО мәліметінше, шекті балдар мынадай:

  • Математикалық сауаттылық - 10 тапсырма, шекті балл - 3;
  • Оқу сауаттылығы - 10 тапсырма, шекті балл - 3;
  • Қазақстан тарихы - 20 тапсырма, шекті балл - 5;
  • Бірінші бейінді пән - 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл - 5;
  • Екінші бейінді пән - 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл - 5.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget