"Уайымдайтын диагноз". Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханадан денсаулығы туралы айтты

"Уайымдайтын диагноз". Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханадан денсаулығы туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскен болатын. Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұлдыз Әбдукәрімованың жағдайы бірқалыпты, ешқандай ота қажет емес.

"Ал өз жағдайымды айтсам, шүкір, тәуірмін.
Бірқалыпты.
Кешкісін мені осындай палатаға алып келді, бұл басқа блокта орналасқан. Мына тоқтардың барлығын қазір менің басыма орнатады. Осы тоқтармен ұйықтауым керек. Тоқтар арқылы түні бойы мидың қалай жұмыс істейтінін анықтайды екен. 
Соңғы тексерістерден өттім, енді басқа емханалардан алатын ем бар. Бұйыртса, ол да өз уақытымен.
Сонымен, уайымдайтын диагноз емес (ашып айта алмаймын).
Бастысы ешқандай ота қажет емес. Екі апта бойы хирургтар ары қарап, бері қарап "сіз бізге мұқтаж емессіз" - деді.
Ертең үйге ораламын, жұмысқа кірісемін", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ықылас батасы қай кезде беріледі?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә