Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәлі Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатқан әпкесі Фариза Төреәлінің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төреәлі бұл туралы Instagram желісінде халықпен байланысқа шығып, әпкесінің қазіргі жағдайы туралы айтты.
"Сіздерге бір шықпасам өз-өзіме сыйып отыру мүмкін емес болып бара жатқан сияқты. Күндіз-түні келіп жатқан толассыз хаттар, уайымдап шын ниетпен жазып жатқан, дұғада отырған әр оқырманға Алла разы болсын. Бір нақты жауабын күтіп сіздерден де бетер жанымыз шүберекке түйіліп отырғанына бір аптадай уақыт болыпты. Бәріңіз бір хабар күтіп отырғандарыңызды білемін. Алайда Фаридің анализдерінің жартысы әлі дайын болмады. Соны күтудеміз. Осы жағдай өмірімде орын алған күннен бастап, түйгенім көп. Ішімдегіні айтып бастарымды да білмеймін. Уайымдама деп жазу да, айту да оңай. Бірақ Алламен байланысты дұрыстап, тоқтаусыз дұға еткеннің арқасында жүрек ақырын тыныштық тауып бір жақсылыққа сенуде", - деп жазды блогер ару.
Айта кетейік, бұған дейін Фариза Төреәлі ем-дом қабылдау үшін Түркияға арнайы кеткені туралы және оған жасалатын ота үшін өкпені тесу керектігі туралы айтқан еді. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!