- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Уәлибек Әбдірайымов Қайрат...
Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртастың анасы "Шаншардың" билеттерін базарда сатқанын айтты
Танымал әзілкеш, сатирик Уәлибек Әбдірайымов белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас "Шаншарда" өнер көрсетуі үшін театрдың билеттерін базарда сатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол ЖанаLike YouTube-жобасында айтты.
"Қайратты айтайын. Анасы баласын әнші еткісі келді. "Шаншардан" шықсыншы деп анасы жүгірді. Сөйтіп менің билетімді алып сататын. Ол кезде базарда істейді. 50-100 билетін өткізеді. Солай қатысатын. Базарда анасы билет сатып, баласын "Шаншарға" кіргізді. Басында базарда істеген ғой", - дейді сатирик.
Еске салайық, бұған дейін Уәлибек Әбдірайымов "Оян" бағдарламасында Қайрат Нұртаспен қалай танысқанын айтып берген болатын.
Актердің сөзінше, Қайрат Нұртас алғашында "Анашым" атты әнді орындапты.
"Ол кезде Қайрат Нұртас 9-сыныпта оқыса керек. Оны анасы алып келген. Қазір Гүлзира деген мықты білгіш болып кетті ғой. Өнер саласының майталманы ма, Еңбек сіңірген қайраткері ме? Сол кезде "Анашым" деген әнді айтты. Кішкентай бала еді. Кейін Досымжан Таңатаровтың әндерін алып келді. Мен "жоқ, өзінің репертуары болуы керек" дедім. Сонымен кейін өзінің репертуарымен жұлдыз болып кетті ғой", - деген еді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина