Әділет министрі Қанат Мусин Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заң күші қашан жойылатыны туралы журналистердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бұған дейін айтқанымдай, Конституциядан Тұңғыш Президенттің ерекше мәртебесі туралы жазылғандар алып тасталды, тиісінше қазір отандық заңнаманы Конституцияға сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Мусин Үкіметте журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Министр заңнама Конституцияға сай болатынына сендірді.
"Тұңғыш Президент туралы заң, оның күшін жою туралы шешім қабылданады. Жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, әзірге уақыты белгісіз, бірақ заң шығару бастамасы тек үкіметке емес, Президент пен Парламент депутаттарына да тиесілі. Сондықтан мұндай шешім депутаттардың бастамасы бойынша да қабылдануы мүмкін. Бірақ әзірге мұндай заң жобасы Парламенттен Әділет министрлігіне түскен жоқ. Қабылданғаннан кейін ол пысықталады", - деп түйіндеді Мусин.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заң күшін жою жыл соңына дейін жоспарланып отырғанын айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!