Жалқаулық өміріңіздің сапасын нашарлатып жіберуі мүмкін. Уақытты тиімді пайдалану үшін күнделікті істерге қандай әдеттерді қосу керек?
Тапсырмаларды басымдықтары бойынша қойыңыз
Егер үнемі бір істен басқасына ауыса берсеңіз, мына ретті сақтаңыз:
Спортпен айналысыңыз
Уақыт жетпей жүргенде күн тәртібіне спортты қосқыңыз келмеуі мүмкін. Алайда ең болмағанда күніне 30 минут спортқа уақыт бөліңіз. Ол сізге ұнайтын болуы керек. Сол кезде бір аптадан соң жақсы нәтиже байқайсыз. Себебі кез келген физикалық белсенділік адамның физикалық та, эмоционалды да жағдайына жағымды әсер етеді. Спорттан соң санаңыз тазарып, келесі тапсырмаларды орындауға дайын боласыз.
"Жоқ" деп айтып үйреніңіз
Кей адамдар өз жұмысына үлгермей жатырса да, басқаның өтінішінен бас тартуға ұялады. Алайда біреудің көңілінен шығамын деп өзіңіздің уақытыңызды, күшіңізді және басқа да ресурстарыңызды жоғалтасыз. Басында басқалардың өтінішінен бас тарту қиын болуы мүмкін, алайда кейін оның жақсы жағын көре бастайсыз. Әрине, бұл кез келген өтінішке "жоқ" деу керек дегенді білдірмейді. Алайда егер шынымен де уақытыңыз болмаса және шаршап жүрсеңіз, "жоқ" деп айтуда тұрған ештеңе жоқ.
Алаңдататын факторлардан арылыңыз
Жұмыс барысында әлеуметтік желіні қарауға, құрбыларыңмен сөйлесуге немесе поштаны тексеруге уақыт көп кетеді. Ол сізге білінбеуі мүмкін. Соның салдарынан жұмысыңыз бітпей қалады және өзіңізді шаршаңқы сезінесіз. 8 сағат бойы ештеңеге алаңдамай жұмыс істеу мүмкін емес. Бірақ өзіңізге демалуға нақты уақыт бөле аласыз. Мысалы, әр 45 минут сайын орныңыздан тұрып, кеңсенің ішімен аздап жүріңіз, су ішіңіз немесе жеңіл жаттығу жасаңыз.
Шынайы мақсаттар қойыңыз
Кей адамдар алдына өте үлкен мақсаттар қойып алады да, оған жетемін деп эмоционалды да, физикалық та қатты шаршайды. Сондай-ақ басқа нәрселерге уақыт таппай жүреді. Сондықтан алдыңызға шынайы мақсаттар қойыңыз. Сол кезде өзіңізді өмірден ләззат алу мүмкіндігінен айырмайсыз.
Сондай-ақ кей адамдар өте үлкен мақсаттар қойып алып, оларға жете алмаса, мотивациясы жоғалып, бірден үмітін үзеді. Сондықтан үлкен мақсатқа кішкентай мақсаттар арқылы жетуді ойланып көріңіз.
Оқи отырыңыз: Сізге шын ғашық болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз