- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Уақыт санаулы еді....
Уақыт санаулы еді. Ақтөбе облысында полицейлер асылып тұрған ер адамды құтқарып қалды
Фото:
polisia.kz
Асылып өлмек болған ер адамды ақтөбелік полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
14 тамызда Ақтөбе облысы ПД Жедел басқару орталығына жедел жәрдемнен ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама түсті.
Тәртіп сақшылары қоңырауға уақытылы жауап беріп, оқиға орнына дереу жетеді. Полиция қызметкерлері есікті ашқан уақытта асылып тұрған ер адамды көреді.
Полицейлер үйлесімді және жедел әрекет етіп, ер адамды ажалдан арашалап қалды.
Ер адамға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетілді. Оның өз-өзіне қол жұмсамақ болуының себебі қаржылық қиындықтармен байланысты болған.
Е. Төлеш