- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Уақыт керек". Бишімбаевтың...
"Уақыт керек". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балаларының тегін ауыстыруына қатысты пікір білдірді
Әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қахарман балаларының тегін ауыстыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Тегін ауыстыру оңай емес! Уақыт керек. Ауыр моральды-психологиялық жағдайына, әкесінің іс-әрекетіне қарамастан өміріндегі қиын маусымды өткізіп, өзінің жас категориясында еліміздегі үздік қақпашы атанды. Екінші жыл қатарынан! Мақтан тұтамын!" - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Назым Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдірген еді.
"Иә, бұл - сұмдық жағдай. Маған біреулер хабарласып жатқанда, не болып жатқанын мүлде түсінбедім... Шок", - деген еді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек