"Уақыт еншісіндегі мәселе". Ноғаев Каспий теңізінің тағдыры жайлы айтты

"Уақыт еншісіндегі мәселе". Ноғаев Каспий теңізінің тағдыры жайлы айтты
Фото: ОКҚ

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Каспий теңізінің мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Су қорларының тартылуы - әлемдік тенденция. Байқасаңыздар, басқа көптеген елде және Еуропадағы өзендер тартылып, кеуіп жатыр. Соның әсері бізге де тиіп отыр... Каспий теңізі тартылып бара жатыр. Мұны ескере отырып, Мемлекет басшысы Каспий теңізінің проблемаларымен айналысатын Ғылыми-зерттеу институтын құру жөнінде тапсырма берді. Су министрлігінің жанынан бұл институт құрылды", - дейді әкім ОКҚ-да өткен брифингте.

Облыс басшысының айтуынша, ғылыми орталық Каспиді құқықтық-нормативтік тұрғыдан және сондағы жануарлар мен өсімдікті қорғаумен айналысады.

"Каспий теңізінің тартылуы әркімді толғандырады. Тек Маңғыстау тұрғындарын емес, бүкіл Қазақстан алаңдайды. Осы мәселені ғылыми негізде шешу мақсатында институт ашылды. Халықаралық деңгейдегі шаралар қабылданады. Бәрі уақыт еншісінде", - деді Ноғаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Ноғаев Маңғыстауда неге туризм дамымай отырғанын айтқаны хабарланды. 

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz