Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан жоғалып кетті

Уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама eGov қосымшасынан жоғалып кетті
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

ЕGov mobile қосымшасынан Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнама жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушылары қосымшада сауалнаманы таба алмағандарын айтты.

"Бұл сауалнама өзектілік мерзімі аяқталғандықтан жариялаудан алып тасталды", - делінген қосымшаның "Хабарламалар" бөлімінде.

Tengrinews.kz тілшісі пікір алу үшін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне жүгінді. Алайда мекеме өкілдері пікір білдіруден бас тартты.

Еске салайық, бұған дейін eGov mobile қосымшасында қазақстандықтарға уақыт белдеуін өзгертуге қатысты сауалнамаға қатысып, бірнеше сұраққа жауап беру ұсынылған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина