"Уағыз айтпадым". Елдос Сметов өзін сынағандарға жауап берді

"Уағыз айтпадым". Елдос Сметов өзін сынағандарға жауап берді
Фото: ҰОК / Сали Сабиров

Дзюдодан Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов көпшілік арасында талқыға түскен "Олимпиадада дұғаның қабыл болғанын сезіндім, қарсыластарым көзіме кішкентай болып көрінді" деген сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 1bol.kz-ке cілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл уағыз форматында айтылмаған.

"Білмеймін, бұл жерде ешқандай жаман сөз айтылмаған секілді. Уағыз форматында да айтылған дүние емес. Бұл менің басымнан өткен жайт, сол әсерді өзгелермен бөлістім. Арнайы адамдарды жинап, уағыз айту деген мақсат болған жоқ. Жақындарымның арасында, қуанышымды бөлісу мақсатында, жеңіске қалай жеттім, соны жеткізу мақсатында айтылған дүние еді. Бірақ оның бәрі жаман тәрбиеге шақыратын сөздер деп ойламаймын. Өзгелердің шашын, қасын бояп, құлағын тесіп жүргеніне қарағанда, осындай әңгіменің көп болғаны, оның тарағаны дұрыс деп ойлаймын", - деді Елдос Сметов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы