- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ҮАААЖ қашаннан бастап...
ҮАААЖ қашаннан бастап ақылы болады?
Фото:
Әлихан Сәриев
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Кәрімжанұлы Үлкен Алматы айналма жолында ақылы жүру туралы бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Үлкен Алматы айналма жолында ақылы жүру туралы бұйрыққа қол қойды.
ҮАААЖ бойымен бір сағаттық жол:
- жеңіл автокөліктер - 0,07 АЕК (241,5 теңге - 2023 жылға, 2024 жылы АЕК өзгеруі мүмкін - еск.);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері - 0,08 АЕК (276 теңге);
- 32 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 5,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері - 0,14 АЕК (483 теңге);
- 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері - 0,16 АЕК (552 теңге);
- жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 0,2 АЕК (690 теңге);
- жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары - 0,22 АЕК (759 теңге).
ҮАААЖ ақылы учаскесіне іргелес елді мекендерде тіркелген автокөліктердің иесіне ай сайынғы төлем қарастырылған. Ол болады:
- жеңіл автокөліктер – 0,5 АЕК (1 725 теңге);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 0,6 АЕК (2 070 теңге);
- 32 жолаушы орындығына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 1 АЕК (3 450 теңге);
- 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 1,5 АЕК (5 175 теңге);
- жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 2 АЕК (6 900 теңге);
- жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары – 2,5 АЕК (8 625 теңге).
Жылдық абоненттік төлем (365 күн):
- жеңіл автокөліктер – 5 АЕК (17 250 теңге);
- 16 жолаушы орнына дейінгі автобустар және жүк көтергіші 2,5 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 6 АЕК (20 700 теңге);
- 32 жолаушы орындығына дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктер – 10 АЕК (34 500 теңге);
- 32 жолаушы орнынан асатын автобустар және жүк көтергіші 10 тоннаға дейінгі жүк автокөліктері – 15 АЕК (51 750 теңге);
- жүк көтергіші 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 20 АЕК (69 000);
- жүк көтергіші 15 тонна және одан да көп жүк автокөліктерi, оның iшiнде тiркемелерi бар, жүк көтергiш тракторлары – 25 АЕК (86 250 теңге).
Құжат алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 10 шілдеде бұйрыққа қол қойылды, демек жол жүру ақысы 21 шілдеден бастап төленеді.
Жол ақысын:
- алдын ала төлем: тасжолға шыққанға дейін автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірімен көрсетілген шотқа қаражат салу;
- кейінгі төлем: автокөлікті ҮАААЖ қамту аймағында бекіткен сәттен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде төлем жасаңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек