Алматы облысы аумағындағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына қосылатын жолдарды ұзарту Алматы қаласының бюджеті есебінен жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкім бұл шешімді брифинг барысында түсіндірді.
"Бұған байланысты Алматы облысы аумағында радиалды жолдарды ұзарту және жолайырықтарын салу туралы шешім қабылданды. Бұл жобалар Алматы қаласының бюджеті есебінен жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (ҮАААЖ) көлік байланысы жедел әрі агломерацияның өзара байланысы күшейеді", – деді әкім.
Сондай-ақ, оның айтуынша, БРТ (жылдам автобус бағыты) желісін дамыту жалғасады.
"Үш жаңа автобус паркін салу жұмыстары басталды. Автобус жүргізушілерінің қауіпсіздігі мен демалысын қамтамасыз ету үшін 20 тұрақ-айналу алаңы салынады. Сонымен қатар көлікке ауысып мінуге арналған үш торап құрылып, бұл қала мен қала маңын байланыстыратын ыңғайлы ауысу нүктесіне айналады", – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық пайдалануға берілді, Абай даңғылы ұзартылып, қозғалыс ашылды, 35 шақырым жаңа автомобиль жолы салынды, сондай-ақ 281 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен (БАКАД) жүру ақысы екі есе қымбаттайды.
Жеңіл автокөліктер үшін төлем 0,07-тен 0,14 МРП-қа өседі – бұл жолда 1 сағат жүргені үшін шамамен 605 теңге болады.
Анықтама: 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (МРП) 4 325 теңге болады.
Басқа санаттағы көліктер үшін де баға пропорционал өседі. Мысалы:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!