- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тізенің сықырлауы қауіпті...
Тізенің сықырлауы қауіпті ме? Дәрігер жауап берді
Ревматолог Наталья Степанова тізенің сықырлауы қауіпті ме екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известия"-ға сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, буындар бірнеше себеппен сықырлауы мүмкін. Буын немесе синовиалық сұйықтықта газдар, мысалы, көмірқышқыл газы бар. Қозғалыс кезінде сұйықтыққа түсетін қысым өзгереді және газдар көпіршіктер түзуі мүмкін. Содан соң олар жарылып, өзіне тән дыбыс шығады. Бұл құбылыс кавитация деп аталады.
"Буындар бір-біріне дәл келетін шеміршектерден тұрады. Біз қозғалғанда олардың арасында бізге сықырлап естілетін үйкеліс пайда болады. Сондай-ақ байламдар мен шеміршектер қозғалыс кезінде жылжуы және орнына оралуы мүмкін. Ол да дыбыс шығаруы мүмкін. Сонымен қатар жас ұлғая келе шеміршектер әлсізденеді, ал ол остеоартритке және сықырды туындататын басқа да патологияларға әкелуі мүмкін", - дейді Наталья Степанова.
Маман буындардың сықырлауы барлық жағдайда бірдей патологияның белгісі емес екенін ескертті. Көп жағдайда бұл қауіпті емес.
"Ауыр патологиялардың алдын алу үшін дәрігерге жүйелі түрде тексерілу маңызды, әсіресе егер артритке бейім болсаңыз. Буындардағы өзгерістерге назар аударыңыз: ауырсыну, ісіну, қызару немесе қозғалыстың шектелуі. Физикалық белсенділікті сақтаңыз: қалыпты жаттығулар буындардың денсаулығын сақтауға көмектеседі. Алайда шамадан тыс жүктемелер мен жарақаттардан аулақ болыңыз. Өзіңізді кальций мен D дәрумені секілді буындар саулығына қажетті заттарға бай рационмен қамтамасыз етіңіз", - деді ол.
Оқи отырыңыз: Қол неге ұйып қалады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова