Тюбингпен сырғанау: әрбір адам білуі керек қауіпсіздік ережелері

Тюбингпен сырғанау: әрбір адам білуі керек қауіпсіздік ережелері
Фото: ru.freepik.com

Көпішілік жақсы көретін және кең тараған қысқы белсенділіктің бірі - тюбингпен сырғанау. Алайда төбешіктен сырғанау қауіпті екенін де ескеру керек. Балалармен сырғанауға бармас бұрын қандай қауіпсіздік ережелерін білген жөн? Толығырақ Massaget.kz материалында.

Ең қауіпті қысқы белсенділік

Қыста ересектер де, балалар да жақсы көретін белсенділіктің бірі - тюбингпен сырғанау. Алайда ол жиі зақым алуға әкеледі. Әсіресе сырғанауға арналмаған жерлерге бару өте қауіпті.

Дәрігерлердің айтуынша, тюбингпен сырғанаудан жиі бас миының жарақаттары, көгеру, созылу, қол мен аяқтың сынуы, омыртқаның қысылу сынықтары болады. Сондай-ақ ішкі ағзалардың жарақаттары жиі кездеседі, мысалы, көкбауырдың жыртылуы.

Сондай-ақ мұндай ойын-сауықтан кейін балаларда көз шарасының қабырғалары сынады. Мұндай сынықтың қаупі - ата-аналар оны байқамауы мүмкін. Мұндай кезде бала кейде қосарлап көреді.

Тюбингпен сырғанауға барғанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

Тюбингтер үлкен жылдамдық ала алады және сырғанау кезінде өз осі бойынша айналып кетеді. Тюбингтерді бақылау мүмкін емес және олардың тежеуіші жоқ.

Тюбингпен сырғанау кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

  • Арнайы жолда ғана сырғанау;
  • Сырғанауға арналған бөктердің еңісі 20 градустан аспауы керек. Төменде тоқтауға жеткілікті орын болуы тиіс. Ағаштар өсіп кеткен бөктерден сырғанауға болмайды;
  • Трамплиндерден сырғанауға болмайды;
  • Қашықтықты қатаң сақтау. Алдында сырғанап бара жатқан адам жолды босатпайынша, сырғанамау;
  • Сырғанап болған соң бірден жолды босату;
  • Сырғанайтын жолдан жүгіріп өтпеу. Ол жүгіріп өтіп үлгеремін деп ойлауы мүмкін. Бірақ оның аяғы тайып, құлап қалып, сырғанап келе жатқан балаға соғысуы да әбден мүмкін;
  • Сырғанайтын төбешікке арнайы шығатын жерден немесе баспалдақпен қана шығу. Басқалар сырғанап жатқан жолмен оларға қарсы көтерілуге болмайды;
  • Тюбингке бірнеше адамды қатар отырғызбау;
  • Тюбингтерді бір-бірлеріне жалғап бірнешеуімен бірден сырғанауға болмайды;
  • Жарақат алмас үшін тұрып немесе тізерлеп отырып, сондай-ақ ішпен жатып сырғанауға болмайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова