- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тыйым салынған видеоны...
Тыйым салынған видеоны таратқан: Түркістан облысында күдікті ұсталды
Түркістан облысында сайрамдық тұрғын әлеуметтік желіде радикалды уағызшылардың бейнероликтерін таратты деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Мамандар күдікті таратқан материалдар терроризм идеологиясын насихаттайтынын анықтаған. Сондықтан күдіктінің үйіне тінту жұмыстары жүргізілді. Үйден діни бағыттағы 300-ге тарта кітапты, ноутбук және басқа да заттар тәркіленді.
"Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді ТО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Қуанышбай Жұмаділдаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова