- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тыйым салынған жерге...
Тыйым салынған жерге түскен: Қызылордада екі бала суға батып кетті
Қызылордада Сырдария өзеніне шомылуға барған екі жасөспірім суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай қала іргесіндегі "Ягодка" саяжайының маңында болған.
"9 сынып оқушылары дарияның шомылуға қауіпті және тыйым салынған аумағына түскен. Оқиға орнында жедел құтқару жасағының сүңгуірлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 3 метр тереңдіктен 2008 және 2009 жылғы екі баланың денесін өзен түбінен алып шықты. Бес айда аймақтағы су айдындарында 8 қайғылы жағдай тіркелген", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда қараусыз қалған тағы бір бала өзенге батып кетті. Ал Қарағанды облысында жоғалған балықшылардың бірінің денесі табылды. Екіншісі іздестіріліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек