БҚО тұрғындары тыйым салынғанына қарамастан, діни әдебиеттерді онлайн сатып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БҚО Дін істері басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері облыста діни әдебиеттерді таратуға қатысты жеті әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-бабының 1-бөлігі, 3-тармағы бойынша "Қазақстан Республикасының заңнамасымен діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды таратуға және сатуға қойылатын талаптарды бұзуә әкімшілік құқық бұзушылықтар саны азаймай отыр. Яғни, діни кітаптар діни ғимараттардың аумағында (мешіт, шіркеу) немесе арнайы белгіленген орындарда, сондай – ақ рұхсат етілген әлеуметтік желілері арқылы таратуға немесе сатуға болады.
Дін істері басқармасынан келген мәлімет бойынша, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы интернет-ресурстарда діни әдебиеттерді және басқа да діни мазмұндағы материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату немесе сату көлемінің артуына байланысты Olx.kz сайтының басшылығына хат жолданған. Нәтижесінде 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап платформа басшылығы осы сауда алаңы арқылы діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды сатуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. 200-ден астам адам өз жарнамаларын бұғаттау туралы хабарлама алған.
Алайда, әлеуметтік желілер мен интернет сауда алаңдарының мониторингі барысында Оlx.kz сауда алаңында діни мазмұндағы әдебиеттерді сату белсенді жүріп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ, мұндай жарнамалар Instagram парақшаларында орналастырылады.
Айта кетейік, бұл әкімшілік құқықбұзушылық болып танылады және әкімшілік айыппұл 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 345 000 теңгені құрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!