- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Айыппұл туралы
Тыйым салынған әдебиет табылған: Атырауда қайырымдылық мекемесіне айыппұл салынды
Атырау қаласының прокуратурасы қайырымдылық ұйымдарының бірі арқылы діни араздықты насихаттайтын әдебиет таралғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қандай әдебиет таратылған?
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында таратылған материалдар Қазақстан аумағында пайдалануға тыйым салынған болып шықты.
Сот шешімі
Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының шешімімен қайырымдылық мекемесі ҚР ӘҚБтК-тің 453-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 516 880 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, мекеме тиісті рұқсат құжаттарынсыз балаларды діни бағыттарда оқытып, пансионат ретінде қызметтерін атқарған.
"Қала прокуратурасының талап арызы негізінде 4 мекеменің мемлекеттік тіркеуінің күші жойылды, сонымен қатар барлық пансионат таратылды", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова