Жетісу облысы Ескелді ауданындағы 500-ге жуық тұрғыны бар Жаңалық ауылы бес жыл бұрын ішімдік өнімдерінен бас тартып, бүгінде қоғамдық тәртіп пен татулықтың үлгісіне айналған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақсақалдар мен тұрғындардың бастамасымен қабылданған шешімнің нәтижесінде ауылда кейінгі бес жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Жаңалық ауылы облыстағы ішімдікте бас тартқан 30 елдімекеннің қатарында.
"Қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға тұрғындармен тығыз жұмыс жүргізетін учаскелік полиция инспекторы үздіксіз үлес қосып келеді. Бүгінде ауыл бірлік, жауапкершілік және ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, қауіпсіз қоғам құрудың жарқын үлгісін көрсетіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова