"Тыныш жүрсеңдерші". Танымал виолончельші Бағжан Октябрь өзіне сын айтқандарға жауап берді

Фото: Tengrinews.kz

Танымал виолончельші Бағжан Октябрь Instagram-парақшасында әлеуметтік желіде сын пікір айтқандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Виолончельші жариялаған stories-те түрлі сыни пікірді байқауға болады. Оның айтуынша, мұндай сын әсіресе жігіттер қауымынан көп келеді. 

"Соңғы кезде тиктокта рекке көп кіріп, әртүрлі пікірлер келіп жатыр:
Ой, кім бұл? Неғалысыңдар, дым әдемі емес анау-мынау деп. Менің мақсатым шошаңдап түрімді көрсеткенге мәз болу емес. Менің түр мақсатым ол - өнер, және соны сіздерге жеткізу. Қалғаны маңан маңызды емес", - деп жазған ол.

Сонымен қатар, ол жігіттер қауымына жауап берді.

"Әсіресе жігіттер. Егер бірдеңе ұнамай жатса маған өзіме айтыңыздар. Бір қыз мені мақтап салыпты тиктокка, комментердің бәрі жігіттер. Қызғанғандары ма? Ұқпадым. Мен туралы әрбір нәрсе жазыпты.

Тииш жүрсеңдерші", - деп аяқтады Бағжан Октябрь.

 

Еске салайық, бұған дейін Бағжан Октябрь TikTok желісіндегі парақшасына әжесімен түскен видеосын жүктеп, жұртты сүйсінткені хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бедеуліктің себептері қандай?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә