Танымал әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қамауға алынған Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожаның ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол екі әртістің де жылдам ашулана қоймайтын, елгезек кісі екенін алға тартты.
"Адам болса, бап табылады" деген залым сөзді естіп, қандай мәні бұзық ой деген ойға қалғам… Адам танитын жасқа келдік қой, рас, біздің эстрадада қызуқанды жігіттер бар, ол қасиет қазір оғаш көрінгенімен, бұрынырақ жігітке тән мінез саналатын ғой, бірақ, дәл Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа жанына тимесең көтеріле қоймайтын, ең бір елгезек, кісі сыйлайтын інілердің қатарында болатын. Бірінен соң бірін тоғытатындай бұл не жағдай деп ойланып отырмын да… Кімнің қандай пиғылын бүркелемеу үшін 10-15 күн керек болды екен?..
Өмір сүру қиындап болып барады, сен тиіспесең саған тиісіп, сен желікпесең де желіктіріп… оған және қуанып жатқан жартыбастарды айтсайшы… Ақыры жақсы болсын дейік!.. Жігіттерді жарға жыға беру дұрыс емес!
Ерегескенде қоғам назарын басқа жаққа бұрмай, қулықтарға көнбей қойса ғой, шіркін!.. Ехх!..
Тиыш жүріңдерш, балдар-әй", - деп жазды ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сараланған гранттар деген не? Сараланған гранттар қай мамандықтарға бөлінді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!