- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тынық мұхитынан ғылымға...
Тынық мұхитынан ғылымға беймәлім 5 мыңнан астам тіршілік иесі табылды
АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасының ғалымдары Тынық мұхитының түбіндегі Кларион-Клиппертон аймағында 5 мыңнан астам түрлі жануарлар түрін анықтады. Бұл туралы theguardian.com жазды.
Бұл үлкен аумақ Гавайи мен Мексика арасында шамамен 6 км тереңдікте орналасқан.
Биологтар бірнеше жыл бойы су асты құрылғысын пайдалана отырып, бұл аймақты белсенді түрде зерттеп келеді. Себебі, ол кобальт, никель және басқа да пайдалы қазбаларға бай және жақын арада тау-кен өндіруші корпорацияларға қолжетімді болуы мүмкін. Бұл міндетті түрде фаунаның өзгеруіне әкеледі.
Зерттеушілердің айтуынша, табылған жануарлардың 90 пайызы бұрын-соңды адам көрмеген немесе зерттелмеген. Олардың көпшілігінің аты да жоқ.
Ғалымдар жаңа тіршілік иелерінің ішінен құйрығы ұзын, денесі желе тәріздісін "мармелад алмасы" деп атады.
Теңіз түбін негізінен буынаяқтылар, құрттар және магмалық жануарлар мекен ететіні анықталды.
Т. Раушанұлы