Қазақстандық танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова оқырмандарын алаңдатып қойды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бейтаныс адамның өз көлігін суретке түсіріп алған сәтінен видео жариялады.
"Бұл менің кеңсе маңындағы тұрақта тұрған көлігім, әрі қарай не болғанына зер салыңыз. Дарыны жоқ тыңшы ма? Автоблогер ме? Көліктің нөмірі не үшін керек?", – деп жазды продюсер.
Ол осыдан кейін мұны істеген адамның фотосын бөлісіп, "Мына кісіні кім таниды?" деп, оқырмандарына сұрау салды.
Еске салайық, бұған дейін Баян Алагөзова жақында өмірге келген кенже қызын қырқынан шығарғанын жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!