Тарихшы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Бүркітбай Аяған жазықсыз қырылып кеткен адамдар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Құжаттарды тапқанда Зайсан отрядының командирі үлкен бастығына жазады. "Сонша адам шекарадан өтіп бара жатқан кезде қуып жетіп, атып жібереді" дейді. Мен көз алдыма елестеттім, Өтіп бара жатқан, бейшара, ауылдың қазақтары ғой. Барлығын пулеметпен құртқан. Құжаттар бар. Мен бәрін білемін деп ойлайтынмын. Бірақ 1924-1925 жылдары қабылданған құжаттар бар. Олар аса құпия деген белгімен жүреді.
Сонда НКВД тапсырма берген кезде 2-3 жыл сайын жұмысшыларды тазалау керек, дінді тазалау керек, ұлттық партияларды құрту керек деген сияқты нәрселер болады. Ауру малды тазалаған секілді адамдарды тазалау болған. Ол не? Ойы бар, саясатқа келіспейтін адамдарды ұстау, қаралау, ату, отбасымен бірге жою", - дейді тарихшы Ne boldy youtube-арнасына берген сұхбатында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!