Әлеуметтік желіде тойда ерсі қылық көрсеткен ата сынға қалды. Оқиғаның видеосы Instagram-дағы топтарда тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кадрларда ортада билеп жүргендердің арасында ер адам әйелге қол көтергені көрінеді. Дәл осы әрекетінен кейін көпшілік сын пікірлер айтқан.
Желі қолданушылары видеоға жағымсыз пікірлер жазған:
Алла абыроймен қартайтсын!
Ақыл айтып, бата беретін ақсақал атамыз мынау болса, жастарға не айта аламыз?
Құдай сақтасын бұлай қартаюдан.
Қол көтергені дұрыс болмады.
Туу, тым ерсі көрінеді.
Ақсақал болып ақыл-өсиет айтатын уақытта. Несі мынау шошаңдап?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!