- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Twitter дизайны түрленеді...
Twitter дизайны түрленеді
Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі - Twitter. Жуырда бұл әлеуметтік желінің дизайны өзгеріп, қосымша мүмкіндіктері артады.
Twitter ресми блогында хабарлағандай, әлеуметтік желінің веб-нұсқасы бірер күнде жаңа дизайнға ауысады. Ескі нұсқасы қолданыстан шығады. Жаңарған дизайнда аккаунттарды алмастыру жылдам жүзеге асады, бетбелгілер, профилді түстермен түрлендіру мен арнайы режимдер қосылады. Веб-нұсқа мобильді қосымшасына ұқсайды. Сондай-ақ, Bookmarks, Lists, Profile "батырмалары" қосылған. Direct Messages секциясы ұзартылған. Ал басты бетте Explore бөлімі ашылған.
Компания басшылығы веб-нұсқаны да мобильді бағдарламасына ұқсатуды жөн санаған. Интерфейсіне де өзгертулер енгізіп, әлеуметтік желіні қолдануды жеңілдеткен.
Үлкен өзгерістердің бірі - экранның сол жағында орналасқан іздеу жүйесі. Мұнда енді бетбелгі, қолданушы профилі мен "Қызықты" деген бөлім болады.
Жеке хабарлама жіберу бойынша да арнайы бөлім болады. Тағы бір өзгеріс - хронологиялық және алгоритмдік жаңалықтар легін таңдау мүмкіндігі. Сондай-ақ, қолданушылар бір профильден шықпай, екіншісін де қатар қоса алады.
Қолданушылар үшін ең бірінші көзге түсетіні - интерфейс мүмкіндіктері. Жаңа арнайы өңдеу түрлері (тема), шрифт пен екі бірдей түнгі режимді таңдау түрі пайда болған.
Елімізде Twitter әлеуметтік желісін белсенді қолданушылардың бірі - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы жеке көзқарасы мен кей арнайы тапсырмаларын да осы желі арқылы жазып отырады.
Н. Үсенова