- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түзеу мекемесінің қызметкері...
Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден алты адамды алып шықты
Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты. Олардың арасында кішкентай бала да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1 қаңтар күні шамамен сағат 13:21-де Солтүстік Қазақстан облысы Булаево ауылы Целинная көшесі 7 мекенжайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйден өрт болғандығы туралы ақпарат келіп түсті.
Тексеру барысында пробация аға лейтенанты Ғалымжан Байбусин үй тұрғындарына көмек көрсетіп, түтін басқан үйден 6 адамды алып шықты, оның ішінде кішкентай бала да бар. Сонымен бірге офицер өртті оқшаулауға көмектескен.
Өрт салдарынан пәтердегі терезе саңылауы зақымдалды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрайды.
Өрттің алдын-ала себебі - стокерге жақын орналасқан пластикалық терезенің тұтануы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан