Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов комиссия мүшелеріне Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және сарапшылардан түскен ұсыныстарға сүйеніп әзірленген.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңартылған Конституция жобасында преамбула, 11 бөлім және 104 бап бар. "Халық кеңесі" және "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу" атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгерген.
Өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімін қамтып, 77 бапқа түзетулер енгізілген. Бұл - Конституция мәтінінің 84%-ы.
"Бұл Конституция мазмұнының жаңаруы мен түбегейлі өзгеруі туралы айтуға мүмкіндік береді", – деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз