Ресейлік эндокринолог Екатерина Казачкова ағзадағы тұздың көптігі денсаулыққа қаншалықты зиян екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
"Біздің денеміз күрделі жүйе және әрбір орган артық тұзға әртүрлі әрекет етеді. Бүйрек, жүрек, қан тамырлары, асқазан-ішек жолдары - барлығы осы өнімді шамадан тыс тұтыну арқылы қосымша стресті бастан кешіреді", - дейді дәрігер.
Артық тұз бүйрекке салмақ түсіреді. Сондай-ақ ол бүйректегі тастардың пайда болуына және басқа аурулардың дамуына әкелуі мүмкін.
Казачкова тұзды тағамдарды шамадан тыс тұтыну қан қысымын жоғарылататынын, бұл инфаркт пен инсульт қаупін арттыратынын атап өтті. Асқазан мен ішекте тұздың көп болуымен қышқылдықтың жоғарылауы, гастрит және жаралар сияқты асқынулар болуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!