Тұзды аз жеу арқылы алдын алуға болатын 3 ауру

Тұзды аз жеу арқылы алдын алуға болатын 3 ауру
Фото: pixabay.com

Ұзақ өмір сүруге кедергі келтіретін қауіпті аурулардың қаупін қарапайым жолмен, шығынсыз азайтқыңыз келе ме?

Бірінші қадам: дайын тұздық, консервіленген көкөністер және ысталған еттерді тұтынудан бас тартыңыз, олардың құрамында тұз тым көп.

Екінші қадам: өзіңіз дайындайтын тағамдарға тұзды әдеттегіден кем дегенде 10 пайызға аз қосыңыз.

Бұл амалдар сізді ауыр аурулардан қорғайды.

Гипертония

Тұз ағзада сұйықтықты ұстап қалады, ал бұл жүрек жұмысын қиындатып, салдарынан қан қысымның жоғарылауына әкеп соқтырады. Егер сіздің қан қысымыңыз үнемі жоғары болса, (130/90 және одан жоғары), тұзды аз мөлшерде тұтынып көріңіз.

Бүйрек тастары

Тұзды тым көп мөлшерде тұтынған жағдайда, зәрде ақуыз мөлшері артады, бұл бүйрек аурулары мен бүйректе тас пайда болуына әкеп соқтыратын негізгі қауіп факторының бірі. Сондықтан қазірдің өзінде бүйрек қызметінде ешқандай мәселе болмағанымен, оның саулығын мүмкіндігінше ұзағырақ сақтау үшін тұз мөлшерін бақылаған жөн.

Жасқа байланысты деменция

Колорадо университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қандағы натрий деңгейі неғұрлым жоғары болса, когнитивті бұзылулардың қаупі соғұрлым жоғары болады. 65 жастан асқан адамдар тұзды үнемі көп тұтынса, жасқа байланысты деменцияның даму қаупі 30 пайызға өседі.

Айта кетейік, бұған дейін тәтті, тұзды, қышқылды қалайтындардың ағзасына не жетіспейтіні хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Үкімет қандай жағдайларға отставкаға кетеді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә