Жайық өзенінен 15 жастағы жасөспірім өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Жасөспірім БҚО-ға Ақтаудан туыстарына қонаққа барып, 6 шілдеде демалыста жүргенде жоғалып кеткен. Оның қалай жоғалғаны белгісіз. Кәмелетке толмаған баланың мәйіті 8 шілде күні табылды. Өлімнің себептері мен мән-жайы анықталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Батыс Қазақстан облысының полицейлері тұрғындарға ескерту жасады.
"Полиция ата-аналарды балаларын, әсіресе су айдындарының жанында, суға түсуге тыйым салынған жерлерден аулақ болуға шақырады, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!