- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шерзат Болат
Туыстарымен қоштасып, Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған - полиция
Полиция марқұм Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов мәлімдеді.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өзіне-өзі қол жұмсаған. Марқұм биыл 4 қазанда қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды", - деді ол.
Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсайтыны туралы хат жібергені анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, інісінің жанына жерлеуді сұраған.
Видео кадры
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық жағдайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бүгін таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылған еді. Ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек