Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар әлеуметтік көмек қызметкерлеріне Ертіс жағасындағы лашықта тұрып жатқан тұрмысы қиын әйел туралы айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі yk-news.kz-ке сілтеме жасап.
Өскемендегі "Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы" КММ әлеуметтік қызметкерлері үйсіздерді анықтап, оларға орталықта тұруды ұсынады. Сонымен қатар, оларға құжат рәсімдеуге, жұмыс іздеуге және т.б. көмек көрсетіледі.
"Бірде бізге Ертіс жағасында жалғыз тұратын әйел туралы айтылды", - деді орталық маманы Ақсұлу Ыдырысова.
Оның сөзінше, хабарды алған бойда қызметкерлер бірден сол жерге барған. Онда өзін Наталья деп таныстырған әйел өмір сүріп жатқан.
"Ол бізге туыстары үйден қуып жібергенін және баратын жері жоғын айтты. Осылайша, Наталья көшеде қалған. Бақытымызға орай, ол бізбен бірге орталыққа баруға келісті. Наталья жаз бойы орталықта тұрып, бір ер адаммен кездесті. Қазір оның өз отбасы бар", - дейді Айсұлу.
Еске салайық, бұған дейін зейнеткер келіні өзін малайлыққа ұстап жүргенін айтқаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Онкология тұқым қуалай ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!