Шымкентте қайғылы жағдай тіркелді. 8-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған. Жасөспірімді туыстары тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқушы мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Бұл оқиғаны қалалық білім басқармасы да растады. Басқарма дерегіне сүйенсек, қайғылы жағдай 6 сәуірде оқушының өз үйінде болған.
"Жасөспірімді туыстары тапқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Алайда дәрігерлер келген кезде оқушы көз жұмған", - деді Шымкент қалалық білім басқармасы өкілдері.
Ресми мәліметке қарағанда, марқұм бұрын-соңды қандай да бір медициналық есепте тұрмаған.
"Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент ПД өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова