Super mamasita деген атпен танымал блогер Әлия Байтуғаева Мальдив аралдарында жасаған 3-тойын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер бұл қуанышын Instagram-парақшасында бөлісті. Ол үстіне ақ көйлек киіп, күйеуіне үшінші рет тұрмысқа шығып жатқанын жазды.
"Мальдив аралдарындағы 3-той! Бұрын үйленген болсаңыз да, қайта той жасауға кеш емес! Туыссыз, тілексіз және әбігерге салынбай! Мен қызыма осындай тойды қалаймын! Бір-біріңізді жақсы көріңіз, осындай шағын мереке құрыңыз. Өйткені сезім кейде суи бастағанда осылай жандырып тұру керек", - деп жазған блогер.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны құттықтап, пікір қалдырған.
"Ханшайым мен ханзада, бақытты болыңыз", "Қандай әдемі жұп", "Көздерінде махаббат көрініп тұр, қандай әдемі", "Күйеуіңіз әр бастамаңызды қолдап жүрсін", "Жыл сайын Мальдив аралдарында той жасай беріңіз", - деп жазған пікір қалдырғандар.
Айта кетейік, Әлия Байтуғаева super.mamasita деген атпен танымал, Instagram-да 7 миллионға жуық оқырманы бар. Бұған дейін ол қызыл жіп сатамын деп сынға ұшыраған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!