- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Туысқаның жол апатына...
"Туысқаның жол апатына түсті". Алаяқтық схемамен жұмыс істеген курьер сотталды
Астанада алаяқ-курьер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Телефон алаяқтары әртүрлі сайттарға курьерлік жұмысты ұсынып өздерінің нұсқауы бойынша әрекет ете отырып, оларға белгілі бір ақыға қылмыстық жолмен алынған қаражатты аударуы туралы жарнамаларды орналастырып отырған.
Сотта телефон арқылы алдаған алаяқ жәбірленушіге оның қызының адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасағанын және істі оң шешу үшін оған ақша қаражатын аудару қажет екенін айтқаны анықталды.
Осындай схема бойынша 1 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, 2 жәбірленушіні алдаған.
Курьер ретінде астананың 27 жастағы тұрғыны жұмысты Telegram-арнасы арқылы хабарландырудан тауып, қылмыстық топтың сыбайласы болған.
Кінәлі адам ақшаны алып, өзіне осы ақшаның 10 пайызын қалдырып, қалған соманы белгісіз тұлғалардың есепшотына жіберіп отырған. Сот үкімімен сотталушы жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өндірумен сотталды.
Үкім заңды күшіне енді. Қылмыстық топтың сыбайластарына қатысты, оның ішінде, қылмысты ұйымдастырушыға қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, оны анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шаралар қабылданып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина