“Тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынымен тең“. ҚМА майнерлер туралы айтты

“Тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынымен тең“. ҚМА майнерлер туралы айтты
Фото: depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылдың басынан бері майнерлерге қатысты 17 қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар 1,3 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

"Ең жиі анықталған заңсыз майнинг фермалары Астанада (6), Шымкент пен Қостанайда (3 жағдайдан) тіркелген. Бұл істер аясында 642 мың АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық актив тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

ҚМА мәліметінше, кейбір заңсыз майнинг фермалары (5 ферма) электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген. Олар тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынымен тең. Сондай-ақ, фермалар орналасқан аймақтардағы тұрғындардың тыныштығы бұзылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget