Air Astana ұшағы түтінге байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 07:38-де (Астана уақыты бойынша) Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында Air Astana АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесінде авиациялық оқиға болды.
"Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің бортында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Ұшақ сағат 07:40-та қонған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылған.
"Қазір авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтап жатыр".
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz