Алматы тұрғындарының үрейін ұшырған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктінің әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалып, әлеуметтік желіде тараған. Тергеу дерегіне сәйкес күдікті негізінен Алматы мен Астана қалаларында әрекет еткен.
Ол кұлыпталмаған есіктерді пайдаланып, бөтеннің үйіне кіріп, бағалы заттарын алып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Алмалы аудандық полиция басқармасының мамандарымен бірлесіп, жедел іздестіру іс-шаралары барысында бұрын сотталған ер адамды ұстаған. Ол бірнеше пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген.
"Алматыда оның алты пәтер ұрлығына қатысы бары дәлелденді. Бір жағдайда пәтердің кіреберісінен ішінде 20 мың теңге болған сөмке жоғалса, тағы бір оқиғада келген шығын көлемі 40 мың теңгеге жеткен. Тергеу жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова