Қазгидромет мәліметінше, 23-25 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы:
23 шілде: Бұл күні елордада ауа райы құбылмалы, бірақ жауын-шашынсыз болады. Жел оңтүстік-шығыстан және шығыстан соғады: түнде жылдамдығы 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C дейін көтеріледі.
24 шілде: Бұл күні де ауа райы құбылмалы болады. Күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Түнгі температура +18...+20°C, күндіз +26...+28°C.
25 шілде: Құбылмалы бұлттылық сақталады. Күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Алматыдағы ауа райы:
23 шілде: Қалада ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз қатты ыстық: +35...+37°C.
24 шілде: Құбылмалы бұлттылық, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін жетеді. Түнгі температура +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.
25 шілде: Қайтадан жауын-шашынсыз. Бұлтты әрі ыстық күн күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз аптап ыстық: +34...+36°C.
Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың шілдесіне арналған консультативтік болжамын ұсынған. Оған сәйкес, шілде айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр, кей жерлерде нөсер, найзағай, бұршақ пен қатты жел болуы ықтимал.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!