UFC экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов Ислам Махачевке (22-1) бразилиялық Чарльз Оливейрамен (33-8-1) титулдық жекпе-жек алдында хабарлама қалдырды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 22 қазанда Абу-Дабиде өтеді, ал Хабиб отандасын қолдауға шешім қабылдады.
"Сенің жеңілуге құқығың жоқ! Ислам Махачев, түсіндің ғой?", - деп жазды экс-чемпион.
Хабарламаға Нурмагомедов жекпе-жек кезінде Махачевке үндеу жазылған видеоны да қосты: "Бәрі жақсы болады, бауырым. Бес минутта барыңды салуың керек...Сенің жеңілуге құқығың жоқ. Бар нәрсеңді осында қалдыруың керек. Ал сенде әлі көп нәрсе бар".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!