Белгілі әнші Сәкен Майғазиев өзін түсінде көріп жүрген зағип жанмен ән шырқаған. Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, Мөлдір есімді зағип жанның түсінде оған тәтті ас ұсынып жүр екен.
"Түсінде мені қандай видеода көріп жүр екенсің, балапаным сол... Өмірде жарық дүниені көзімен көрмесе де, көкірек көзі ояу қыз мені түсінде көреді екен. Бір ай бұрын жүрегі мұнтаздай Мөлдір қызға түсінде тәтті ас ұсынып жүр екенмін. Өмірің тәтті болсын, жаным. Зағип жандар Раббымыздың нұрлы дидарын бірінші болып көреді дегенді естігенмін. Екі дүниеде де жүзің жарық болсын, балапаным. Бүгін кішкентай ғана бала арманын орындап, бірге ән шырқадық. Өнерің өрге бассын, өренім", - деді ол Желіде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!